• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 04 Ақпан, 2021

Бақыт Сұлтанов «жабық есіктің» арғы жағындағы батырлар шайқасы туралы айтты

508 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министр Бақыт Сұлтанов  әлеуметтік желідегі парақшасында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстары - келіссөздердің және ел мүдделлерін қорғаудың маңызды алаңдарының бірі болып табылатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Кейде Кеңестің жабық есіктерінің артында бес елдің «батырлар шайқасы» өршіп тұрады, сол себепті елдер өздерінің ұлттық мүдделерін құлшыныспен қорғайды»,  дейді Бақыт  Сұлтанов.

Министр осы ретте  бірнеше рет дипломатиялық құпиялардың перделерін ашуға тырысқанын,  Қазақстан үшін маңызды позициялар үшін қалай күресетінін де айтып өтіпті.

«Жалпы, жұма күні өте қызулы кездесу болады. Тағы бір маңызды оқиға жоспарлануда.  ЕАЭО тарихында бірінші рет Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының барлық мүшелері (ЕЭК министрлері) біздің бес елдің журналистеріне есеп береді», дейді министр.  

Сондай-ақ министр мұндай үлкен жиындар алдында әлеуметпен тілдесу идеясы  Президентіміз Тоқаевқа тиесілі екенін айта кетіпті.

– Еуразиялық бестіктің мемлекет басшыларының кездесуінде Президентіміз Комиссияның министрлеріне ұлттан тыс шенеуніктер екенін айтып, «халықпен кездесу» керектігін ескертті. Шындығында барлық шағымдарды журналистерден артық кім біледі? –  деп ойын түйіндепті министр. 

Сонымен министр Бақыт Сұлтанов айтып өткендей, пандемия жағдайына қарамастан  өткелі тұрған «Бес елдің батырларының» шайқасында қай елдің бәсі басым боларын бүгін-ертең білетін боламыз.