• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 04 Ақпан, 2021

Алматы ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің бетпе-бет кездесуіне дайындалып жатыр

179 рет
көрсетілді

Бүгін олар Қазақстанның оңтүстік астанасына келе бастайды. Үкімет басшыларының кездесуі дәрігерлердің бақылауымен өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Еске сала кетсек, 5 ақпан, жұма күні Алматыда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшыларын бір шаңырақ астында жинайтын жиын өтеді. Бұл пандемия басталғаннан бері  ЕАЭО елдері үкімет мүшелері бас қосатын  алғашқы халықаралық шара.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларуссия және Қырғызстан үкімет басшылары қатысады деп күтілуде. Олар сондай-ақ «Цифрлық Алматы» форумына қатысады.

Алдағы кездесу кезінде журналистер бір тілдесіп қалуды армандап отырған тұлға     Қырғызстанның - бірінші вице-премьер –  34 жастағы Артем Новиков.

Айтпақшы,  жаңа вице-премьер туралы қырғыз ағайындардың пікірі оң. Қырғыз журналистері А. Новиковтың қырғыз тілін жақсы меңгергенін жазып жатыр. Кейбір ресми іс-шараларда  оның  мемлекеттік тілде сөйлейтінін кешелі бері біз де байқап қалдық.    

Бүгін кештетіп Алматыға жететін тағы бір  құрметті қонақ –  Беларуссия үкіметінің басшысы Роман Головченко. Ол  республика тарихындағы оныншы премьер министр.

Головченко - Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) бітірген, ағылшын, араб, неміс және поляк тілдерін біледі.

Делегация асшыларының Алматыға келуі күндіз 4 ақпанға жоспарланған.   ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров  Үкіметаралық кеңеске дайындық жүріп жатыр, барлық ұйымдастырушылық мәселелер шешілгенін,  Еуразиялық интеграция аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың ең өзекті мәселелері күн тәртібінде тұрғанын айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы қатаң санитарлық нормалар сақтала отырып өткізілетінін айтты.

Қазақстанға келетін делегация мүшелеріне қойылатын ортақ талап – маска режимі мен әлеуметтік дистанцияны сақтауы керек.