• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Ақпан, 2021

Жамбылда 20 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды

153 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында екі күн ішінде 20 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алдын алу іс-шарасын өткізудің негізгі мақсаты ұзақ уақыт облыс аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтарын, сондай-ақ жол жүру билеттерін сатып алуда қаржылық қиындықтарға тап болған шетел азаматтарын анықтау болып табылады.

«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 20 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдайтын Қазақстан Республикасының 45 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.