• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Ақпан, 2021

ЕЭК делегациясы Алматыға келді

159 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасы Михаил  Мясникович бастаған делегация бүгін кешкісін Алматыға келді, деп жазады   Egemen.kz.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы, 5 ақпанда «Almaty Digital Forum 2021» форумы, сондай-ақ ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – ЕЭК Үкіметаралық кеңес төрағасы Асқар Маминмен кездеседі.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері басшыларының, ЕАЭО бақылаушылары - Молдова, Өзбекстан мен Кубаның қатысуымен  өтеді.

Осы жиынға  Өзбекстан Республикасы үкіметінің басшысы Абдулла Арипов келеді. Бейнеконференцияға Молдова Республикасының Премьер-Министрі Аурелиу Чокой  қатысады.

Үкіметаралық кеңес   отырысы аясында ЕЭК пен ТМД Атқару комитеті арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандумды іске асыру бойынша 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қою жоспарланып отыр.

Кешкісін  Almaty Digital Forum 2021 де өтеді. Форумның  «Цифрлық қайта жүктеу: жаңа шындыққа бейімделу»  пленарлық отырысына Одақ елдері мен ЕАЭО бақылаушы-мемлекеттерінің үкімет басшылары, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, ЕЭК өкілдері қатысады деп күтілуде.