• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Ақпан, 2021

247 қазақстандықтың ПТР анықтамалары теріс нәтиже көрсетті

139 рет
көрсетілді

2021 жылдың 4 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

2021 жылғы 4 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. 2 055 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 806 адам, анықтамасыз 249 ҚР азаматы болды. Оның ішінде:Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 149 жолаушы, анықтамамен - 1 043, анықтамасыз - 106; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 811 жолаушы, анықтамамен - 668; анықтамасыз - 143;Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 95 жолаушы анықтамамен келген.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр. Анықтамасыз келген барлық 247 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.