• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2013

Шындық келбеті

317 рет
көрсетілді

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Елбасының балалық, жастық шағынан сыр шертетін «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмін бүкіл қазақстандықтар болып, оның ішінде Қарағанды облысының қалың жұртшылығы ерекше сезіммен тамашалаған болатын.

 

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Елбасының балалық, жастық шағынан сыр шертетін «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмін бүкіл қазақстандықтар болып, оның ішінде Қарағанды облысының қалың жұртшылығы ерекше сезіммен тамашалаған болатын.

Енді, міне, киностудия­мыз­дың өз көрермендеріне жол тартқан «Елбасы жолы» деп аталатын жаңа туындысын көрген сәттен-ақ одан алған әсерім айрықша болғандығын айтар едім.

Нұрсұлтан Әбішұлын Те­міртаудағы өндірістегі, лауа­зымдық қызметтегі кезінен білем десем де нақты деректермен дәйектеліп түсірілген «Отты өзен» және «Темір тау» тарауларынан өрелі қасиеттеріне одан сайын қаныға түстім. Міне, туындының танымдық әрі тәрбиелік бір құндылығы да осында деп ойлаймын. Сол шақта жұмыс бабында бірнеше мәрте кездесулерде байқағанымдай айналасындағы адамдарға деген ізгілік пен ізеттілік, соның ішінде еңбектің ыстық-суығын бірге көруші металлург әріптестеріне ықылас пен құрмет фильмде шынайы көрініс табуы көңіл толқытты.

Байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен Қазақстан Магниткасының құры­лысын салысуға келген комсомол-жастардың, сан ұлт өкілдерінің ортасында қазақ жастарының да молынан болғандығын, олардың да құлшына белсенділікпен еңбек еткенін біздер жақсы білеміз.

Фильмдегі ерекше тартымды сәттер­дің бірі – бір топ қазақ жас­та­ры­ның Украинаға барып, сол жақтағы ұстаз­дарынан металлургия маман­­дығы­ның қыр-сырын меңгеруі. Сонымен қоса, сон­дағы ұстаздарын бүгінгі күнге дейін ұмытпай әрдайым сыйлап жүруі, қам­қорлық жасауы, осы жастардың ерекше азаматтық қасиеттерінің бірі. Міне, сол уақыт нағыз достықтың шың­­­дал­ған кезеңі болғандығын Нұрсұлтан Әбіш­ұлы үнемі ыстық сезіммен айтып келеді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен өмірдің қайнаған ортасына келіп, кездескен қаншама қиындықтарға мойымай қайсарлықпен қарсы тұрып, жеңе білгендігінің өзі оның қанында бар қайтпас қайсарлығын, өр мінезділігін, тектілігін танытса керек. Аталған фильм­де осы жайлар өте сәтті көрініс тапқан. Сонымен бірге, туған халқы­на, Отан-анаға деген шек­сіз сүйіс­пеншілігінің, қажыр­лы­лығының арқасында тамаша жетістіктерге жеткен кезеңдері де өте сәтті көрсетілген. Мәселен, қиын­дыққа шыдамай ауылға қайтқысы келген жас­тар намысын қайрап, үгіттеп, осы құрылыстың иесі ертеңгі күні өздері екендігін түсіндіретін шақтары да өте әсерлі. Бұл бүгінгі ұрпаққа айтарлықтай өнеге, мол тағылым.

Сол кездегі қайратты жас­тардың арасында өзінің ком­сомолдық жалынды жігерімен, ұлттық рухани бай тәрбиесінің арқасында басқа ұлт өкілдерінің ортасында үйренуге, білуге құштарлығымен, еңбектің асау өткелдерінде жасымай, өмір бас­палдақтарының биік сатысына өрлеп келе жатқан, жігерлі жастық шағы әдемі көрсетілген. Шындығында да, сол кездегі жастардың ер­лік­ке толы «құрыштай берік» ке­зеңін әрдайым мақтанышпен мойындауға тура келеді.

Фильм еліміздің ертеңі – жас ұрпақ көкейіне сәуле құяр өнегелік маңыздылығымен құнды. Халқымыз бақытына жаратылған, сенімін ақтауда сіңірудегі еңбегі ерекше Елбасының өсу, шыңдалу жолындағы өмір белестері тағы бір қаныққанымыздай барша жұртымызға зор мақтаныш.

Рымбала ОМАРБЕКОВА,

Қазақстан Республикасының

еңбек сіңірген қызметкері.

ҚАРАҒАНДЫ.

Соңғы жаңалықтар