• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Ақпан, 2021

Сенаторлар өнеркәсіптегі кәсіпорындардың өзекті мәселелерін талқылады

141 рет
көрсетілді

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары "Атамекен" ҰКП басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздегі өнеркәсіптің дамуын тежейтін өзекті мәселелер мен қатерлер күн тәртібіндегі негізгі тақырып болды. Сенаторлар өнеркәсіп объектілерінің, әсіресе экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың саны мен жай-күйіне назар аударды. Бизнес қауымдастығы өкілдері өз кезегінде осы саладағы заңнамалық базаны жақсарту жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Кездесу барысында өндірістік объектілерді жетілдіру, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі субъектілеріне кредит беру деңгейін арттыру мәселелері көтерілді.

Кездесу "Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатын заңнамалық реттеу: жағдайы, мәселелері және шешу жолдары" тақырыбына арналған Үкімет сағатына дайындық аясында өтті.