• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2013

Үміт сәулесі

460 рет
көрсетілді

Сол күні залға жиылған жұрт­шылық өнер кешіне ғана емес, адамдардың бір-біріне жан жылуын шашып, қайырымдылық нұрын сыйлайтын адамгершілік кешіне куә болды. Ол – кәсіби әншілермен бірге мемлекеттік қызметкерлердің 80-ші жылдардағы әндерді шыр­қаған қайырымдылық шарасы болатын.

 

Сол күні залға жиылған жұрт­шылық өнер кешіне ғана емес, адамдардың бір-біріне жан жылуын шашып, қайырымдылық нұрын сыйлайтын адамгершілік кешіне куә болды. Ол – кәсіби әншілермен бірге мемлекеттік қызметкерлердің 80-ші жылдардағы әндерді шыр­қаған қайырымдылық шарасы болатын.

Тағдырдың қиындығын ешкім де қалап алмайды, ал тап болған соң көтеруге мәжбүрлік пайда болады. Небәрі 37 жастағы Эльмира Сапарова да осы қиындықпен бетпе-бет келген жан. Автокөлік қаққан соң сал болып төсекке таңылған жас тағдырды үш жылдан бері жары бағып-күтуде. Жарына деген жанашырлықпен және екі ұлдың ас-суын дайындау үшін отағасының ЖШС-дегі жұмысынан қол үзуін бір жағы қайсарлық десек, екінші жағынан оның материалдық жетіспеушілікке әкеліп тірері айтпаса да түсінікті. Қазір ай сайын 50 мың теңгеге үй жалдап жүрген отбасында ми жарақаты, ми сүйегінің жабық сынығы, ауыр дәрежедегі сынық диагнозымен мүгедек атанған Эльмираны емдетуге қаржы жоқ. Көптің көмегімен Ташкент қаласына барып келгендеріне де үш айға жуық­таған, ота жасатуға шақыр­­­­­ғанымен, қаржының жоқ­тығы қолбайлау.

Жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының «Үміт сәулесі» бағдарламасы негізінде назарға ұсынылған бұл әулетке жол үстін­де ойламаған жерде мүгедек атан­ған Эльмираның шетелде емделіп, ота жасатып, өз аяғынан басуына жәрдем беру үшін Маң­ғыстау облыстық мәдениет басқар­масы көмек қолын созды. Ретро кеште 20 ауыл, қала әкімдері, мемлекеттік мекемелер басшылары 20 кәсіби әншілермен бірлесе өнер көрсетіп, ән шырқады. «Әу демейтін қазақ жоқ» деген сөз бар, бірақ әу дегеннің бәрі әнші емес екені анық. Қызмет арасынан уақыт тауып, алыс ауылдардан арнайы Ақтауға келіп шенеуніктердің ән салуы тәуелсіз ел азаматтарының бір-біріне деген қамқорлығы, бір-бірін қолтықтан демеуі деп түсіндік. Ел тәуелсіздігінің 22 жылдығы аясында, жаңа жыл қарсаңында емделу­ үшін қаржыны қайдан таба­мын деп қиналған Эльмира үшін алғаш ұйымдастырылып отырған ізгі шара келешекте де жалғасын таппақ.

– Қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей болса да, жет­пес­­ті жал­ғап, тарыққанды таяп, аза­маттық көрсеткен ұйымдас­тыру­шыларға рахмет айтамыз. Жинал­ған қаржы отаға жетіп қалар деп отыр­мыз, енді Ташкентке жол жү­ре­тін боламыз, – дейді отағасы Елдос.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

Соңғы жаңалықтар