• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Ақпан, 2021

ЕДБ ЕАЭО үшін цифрлық құзыреттілік орталығын құратын болады

228 рет
көрсетілді

Еуразиялық Даму Банкінде (ЕДБ) Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) цифрлық құзыреттілік орталығы құрылады. Бұл ұсынысты Қазақстанның Премьер-Министрі, ЕАДБ Кеңесінің төрағасы Асқар Мамин «Цифрлық Алматы» форумы кезінде жасады. Оны барлық ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары қолдады, деп жазады Egemen.kz .

ЕДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов  Еуразиялық даму банкі мұндай миссияға толықтай дайын екенін айтты. Қазірдің өзінде цифрлық технологиялар саласындағы кәсібилігімізді таныттық.

-Біз ЕАЭО цифрлық интеграциясы үшін не қажет екенін және оны қалай жүзеге асыру керектігін түсінеміз, - деді ЕДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов.

Бұған дейін Николай Подгузов ЕАЭО «саяси амбицияларсыз» экономикалық одақ болып қала ала ма деген сұраққа да жауап берген.

– Біздің есімізде, Еуразиялық Одақ идеясы бірінші рет 1994 жылы 29 наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сөйлеген сөзінде ең жоғары деңгейде айтылды, –  деді Николай Подгузов.