АҚШ президенті Барак Обама алдағы жылғы ақпан айында Ресейдің Сочи қаласында өтетін қысқы Олимпиялық ойындарды көруге бара алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Washington Examiner сайты хабарлады.
«Президент Барак Обама жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты Сочидегі Олимпиадаға бара алмайтынын мәлімдеді», - деп хабарлады аталмыш сайт.
Ақ үйдің басшысы бұл туралы өзі өткізген баспасөз мәслихатында айтқан.
«Мен өткен жылғы Олимпиадаға да қатыса алғаным жоқ. Енді Сочиге барудың да реті келмейін деп тұр», - деді Обама.
«Өзімізде маңызды істер бастан асып жатқан кезде мен Олимпиялық ойындарға бара алмаймын, бірақ қатты барғым да келеді», - деп атап өтті ол.
Барак Обаманың Сочидегі қысқы Олимпиадаға бара алмайтыны бұдан бұрын да хабарланған болатын. Оның орнына АҚШ делегациясы құрамына бұрынғы ұлттық қауіпсіздік министрі Джанет Наполитано енгізілді.
Сәкен Майлыбай.
Дереккөз: Washington Examiner.