Ғалымдар емтихан тапсыра алатын робот жасап шығарды. Бұл туралы Segodnya.ua хабарлады.
Робот Жапония жоғары оқу орындарына белгіленген қабылдау емтиханын тапсырып шықты. Ол Жапония және дүние жүзі тарихы, сондай-ақ математика пәндерінен үздік нәтиже көрсетсе, ағылшын мен жапон тілдерінен керісінше төмен балл жинаған екен. Дегенмен, емтихан қабылдаған комиссия мүшелері Торобо-кун есімді роботтың қабілеті жоғары екенін атап өтті.
Ендігі кезекте, роботты жасап шығарған ғалымдар оны одан әрі жетілдіре түсіп, елдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Токио университетінің қабылдау емтиханын оңайлықпен бағындыра алатын деңгейге жеткізуді жоспарлап отыр.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Segodnya.ru
Фото: Rg.ru