• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2013

Қазақстан хоккейшілері - Универсиада күміс жүлдегері

252 рет
көрсетілді

Бүгін, 21 желтоқсанда Қазақстанның құрамасы Италиянның Трентино қаласында өтіп жатқан Универсиаданың ақтық айқасында Канада командасына 1:3 болып ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Кездесудің басы біздің студенттер терме жамағаты үшін біршама сәтті қлыптасты. Олар 14-секундта есеп ашты. Оны Евгений Рымаревтің пасын пайдаланған Александр Шин жасады. Бірақ, 4-8 минуттарда канадалықтар үш  шайба соғып, алға шығып кетті. Бұл аралықта «Үйеңкі жапырағы» елінің Майкл Каццола, Джошуа Дэй және Мэтью Майон есімді хоккейшілері көзге түсті. Жағдайдың аяқ астынан бұлай өзгеріп кетуі қазақстандықтарды біраз абдыратып тастады. Осының салдарынан олар қателікті көп жіберіп, дөрекілікке орын беріп алып жатты. Бұл команда сапынан алаңнан қуылушылар санын көбейтті. Егер бірінші кезеңде біздің студенттер 4 минутқа жаза тартса, екінші кезеңде 66 минут (!) айыптылар орындығында отырды. Ал Александр Казначеев пен Алексей Воронцов матчтың соңына дейін қуылды. Бұған қосатынымыз, біздің жаттықтырушы Владимир Плющеев пен оның көмекшісі Андрей Псарев те кездесудің соңына дейін айдын маңайынан аластатылды. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы финалға дейін тек жеңіске жетіп келді. Ол топтық турнирде Украина, Жапония және Канада командаларын ұтты. Ширек финалда Латвияны, жартылай финалда АҚШ-ты тізе бүктірді. Ал Ресей құрамасы үшінші орын үшін ойында АҚШ жігіттерін 6:2 есебімен ойсырата жеңді. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Vesti.kz. 
Соңғы жаңалықтар