• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2013

Бергей Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс 777 том болды

274 рет
көрсетілді

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрған қылмыстық топтың 22 мүшесіне қатысты қылмыстық іс облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына келіп түсті. Осы қылмыстық іс 777 томнан тұрады. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Бергей Рысқалиев оның ағасы Аманжан Рысқали мен олардың 9 сыбайласы халықаралық іздеуде. Оларға қатысты қылмыстық істің материалдары жеке өндіріске шығарылды.

 Б. Рысқалиев ұйымдастырған қылмыстық топ мемлекетке және өзге тұлғаларға 70 млрд.-тан астам теңгеге залал келтірген . Сондықтан тергеу барысында айыпталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің алты жүзге жуық түріне тыйым салынды.

 Құрылған қылмыстық топтың 22 мүшесінің арасында Б. Рысқалиевтің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукенов, орынбасары Асқар Әбдіров және  Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімов те бар. Ал қазір сотқа келіп түскен қылмыстық істерді қарайтын судья белгіленіп, материалдармен танысу үстінде.

«Алғашқы сот талқылауы үстіміздегі жылдың 24-ші желтоқсанында өтеді деп жоспарланып отыр. Әрі қарай қосымша мәліметтерді алғашқы сот талқылауы біткеннен кейін хабарлайтын боламыз. Жариялы түрде өтетін болса, белгіленген заңға сай, барлық бұқаралық ақпарат құралдары қатысатын болады»,-дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

 Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы

Фото: Pravoektb.ru

Соңғы жаңалықтар