• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2013

Павлодардағы шыршаға қатысты шығын тексерілуде

261 рет
көрсетілді

Павлодар облысының орталығына орнатылған шыршаға қатысты дау шықты. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Осыдан біраз уақыт бұрын жергілікті өңірдегі қоғам белсенділері шыршаны орнатуға бюджеттен бөлінген 38 млн. теңгеге күмән келтіріп, бұл асқан ысырапшылдық деп дау көтерген болатын. Бұл наразылықты қазір қаржы полициясының өкілдері тексеру үстінде. «Шыршаны орнатуға кеткен қаржы шығыны тексерілуде. Оған арнайы сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады»,-дейді облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Самал Ахмедиянова.

Еліміздегі бірқатар ақпарат құралдары осы өңірдегі шыршаға қатысты хабар түсіріп, дәйектер келтірді. Соның бірінде Павлодарда орнатылған шыршаның құны жекелеген әлем елдеріндегі бағадан асып түскендігі айтылды. Құқық қорғау қызметкерлері нақты бір шешімге келмейінше, бұл төңіректегі әңгіме әзірге басылмайтын сыңайлы...

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Фото: «24 kz».

Соңғы жаңалықтар