• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2013

Таиландта үкімет сайлауына қатысуға 34 партия ниет білдірді

350 рет
көрсетілді

Таиланд сайлау комиссиясы парламенттің кезектен тыс сайлауына қатысуға ниет білдірген 34 саяси партияның құжаттарын қабылдады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Комиссия жетекшісі Супачай Сомчароенның айтуы бойынша, оларға барлық құжаттарды тексеріп, сайлауға тіркеу жөнінде шешім қабылдау үшін бірнеше күн қажет. Бангкокта партиялар тарапынан ұсынылған үміткерлерді тіркеу 23-27 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады. Супачай Сомчароен үкіметке қарсы ереуілшілердің сайлауды бұзуға қанша әрекет еткенімен іс-шара мезгілі мен өткізілетін орны өзгермейтінін алға тартты.

Бүгін Бангкоктағы құжаттар қабылдау шарасы өткен тай-жапон спорт алаңын ереуілшілер қоршап алды. Мұнда тек тоғыз партия ғана құжаттарын тапсырып үлгерген. Қалғандары алаңға кіре алмай, құжаттарын жақын жердегі полиция учаскелеріне тапсыруға мәжбүр болған.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: News.tochka.net

Соңғы жаңалықтар