• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Ақпан, 2021

Қазақстанда «әлеуметтік әмиян» жүйесі енгізіледі

653 рет
көрсетілді

Алдағы уақытта Қазақстанда цифрландыру жобалары үш негізгі топқа бөлініп дамиды, деп хабарлайды Egemen.kz

Олар – техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ішкі сауда және электрондық коммерция, сыртқы сауда қызметі және экспортты ілгерілету. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– 2020 жылдың 13 шілдесінен бастап сәйкестікті бағалау саласындағы субъектілерді электрондық аккредиттеу сервисі іске қосылды. Сондай-ақ өнімді сертификаттау процесін цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл сертификаттар қоймасын құруды және сертификаттау (е-сертификаттау) бойынша көрсетілетін қызметтерді көрсетушілерді таңдауға мүмкіндік береді, – дейді вице-министр Әсел Жанасова.

Сондай-ақ министрлік өкілі 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі e-tutynushy.kz іске қосылғанын да айтты.

Аталған ресурс арқылы қазақстандықтар өз құқықтарының бұзылғаны туралы мәлімдей алады. Ол жерде өтініш жедел қаралып, заң нормалары түсіндіріледі.Әсел Жанасова ішкі сауда мен электрондық коммерцияны цифрландыру аясында төлем жүйесімен «әлеуметтік әмиянды» енгізу қарастырылғанын да мәлімдеді. Сауда министрлігінің хабарлауынша, жедел төлем жүйесі аясында 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін «пилот» іске қосылады. Вице-министр бұл идея халықты әлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіру мақсатында жүзеге асырылып жатыр дейді. «Әлеуметтік әмиянның» ашылуы халықтың әлеуметтік осал топтарына қаржы жүйесіне қол жеткізуіне мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар ведомство отандық тауар өндірушілерді Amazon, Яндекс, Ozon, Shopify сияқты жаңа маркетплейстерге шығару жалғасып жатқанын, жыл сайын 100 мың еуро мөлшерінде Mastercard қаржыландырумен 10-15 кәсіпкер өз бизнесін онлайн аудару және оны жаңа нарықтарға масштабтау бойынша оқытудан өтетін де хабарлады.

Цифрландыру сыртқы сауда қызметі және экспортты ілгерілету бойынша да жүргізіледі. 2021 жылдың бірінші тоқсанында автоматтандырылған трансшекаралық сауда-есеп айырысу интеграцияланған жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.