Apple ноутбуктері өз иелеріне қарсы тыңшылық құралына айналуы мүмкін. Бұл туралы Segodnya.ua хабарлады.
«Washington Post» журналы Стивен Чековэя мен Мэттью Брокер есімді зерттеушілердің баяндамасына сүйене отырып, 2009 жылға дейінгі iMAC пен MacBook компьютерлеріне орнатылған веб-камералардың жасырын түрде бейнежазба мен фото түсіре алатындығы жайында жазды.
Көптеген компьютерлерде веб-камераның жұмыс істеп тұрғанын көрсететін диод жарығы болады. Зерттеушілер оларды камераның микробақылағышын қайта енгізу арқылы өшіруге болатынын анықтады. Олардың ойынша, диод жарығы жұмыс істемей тұрғанда, камера иесіне білдірмей фото немесе бейнебақылау жүргізе алады. Бұған дәлел ретінде Стивен Чековэя мен Мэттью Брокер «iSeeYou» бағдарламасын жасап шығарды. Ол бағдарлама камераға диод жарығын жақпай-ақ фото немесе бейнежазба түсіруге мүмкіндік береді.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Segodnya.ua
Фото: Wikipedia.org