• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Ақпан, 2021

Қостанайда сотталаушы тік ішегіне есірткі салып тергеу изоляторына кірген

121 рет
көрсетілді

Қостанай облысында тік ішегіне «гашиш» салып, тергеу изоляторына кірмек болған сотталушы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қылмыстық атқару жүйесі облыстық департаментіне сілтеме жасап.

«Департамент қызметкерлері сотталған адамды уақытша ұстау изоляторына әкелген. Рентгеннен өту кезінде сотталған азаматтың денесінің төменгі бөлігінде күдікті зат байқалып, оны толық тексеру туралы шешім қабылданды. Тексеруден кейін ол тік ішегіне салмағы 4 грамм болатын гашиш түйіншегін салып алғаны анықталды», дейді деп атап өтті Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Абай Қайырбеков.

Сотталған азамат есірткіні мекеме аумағына кіргізгісі келгенін бірден мойындады. Алайда, тергеу изоляторында оған тыйым салынған заттардың бар-жоғы туралы сұрақ қойылған. Қазір аталған факті бойынша алғашқы материал жиналып, ереже бұзушылық туралы журналға тіркелді. Ол ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша жауапқа тартылады.

Департамент мәліметінше сотталғандар тыйым салынған заттарды алып жүргені үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды. Былтыр өңірде мұндай 6 факті тіркелді.