Осы орайда 670 орындық 3 мемлекеттік балабақша, 2,5 мыңдай бүлдіршінге 95 жекеменшік орталық ашылды. Қазіргі таңда 670 орындық 4 мемлекеттік балабақша пайдалануға беріліп, 120 орындық 1 балабақшаның құрылысы аяқталып жатыр.
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 520 орындық тағы 3 мемлекеттік балабақша құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл 48 жекеменшік ұйым ашылды.
Нәтижесінде, 12 790 жаңа орын беріліп, кезек күту 70%-ға азаяды. Білім беру ұйымдарының «қадамдық қолжетімді» болуы үшін өткен жылы Әуезов және Түрксіб ауданында 1800 орындық 2 мектептің, 2000-дай орындық 5 мектептің құрылысы аяқталды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 12 600 орындық 8 мектептің құрылысы және дәл осындай 13 жапсарлас мектеп құрылыстары басталды.