Парагвайда әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға ел астанасы Асунсьон халықаралық әуежайының жанында болған. Жеті адам қаза тапты, біреуі тірі қалды, деп хабарлады Egemen.kz ABC Color сайтына сілтеме жасап.
«Бір адамның жағдайы өте ауыр. Ол ауруханаға жатқызылды. Қалған жетеуінің өлімі расталды», - деді өрт сөндіру қызметінің бастығы Рубен Вальдес.
Парагвай билігі оқиғаға байланысты тергеуді бастады.