Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында лирик - ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың 90 жыл мерейтойына орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Концерттік бағдарламаның ашылуын ГМ-172/10 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Азат Қалдыбайұлы Орынбасаров құттықтау сөзімен бастады. Концерттік іс-шара барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтау отырып өткізілді.
Сонымен қатар Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны жайлы қысқаша бейнеролик көрсетілді. Одан әрі мерекелік іс-шараға арнайы шақыртылған Маңғыстау облыстық Мұрат Өскінбаев атындағы филармония әртістері Айнұр Омарова мен Әзімхан Адай Мұқағали Мақатаевтың «Әке», «Ана», «Отан», «Сәби болғым келеді», «Сенің көзің», «Тағдыр» атты өлеңдерін домбырада орындауымен жалғасты. Концерттік бағдарламада ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтылып, іс-шараға сотталғандар белсене қатысып ақынның «Туған күн», «Махаббат» атты поэмалары оқылды.
-Аталған іс-шараның мақсаты жазасын өтеушілердің өмір жайлы ой-толғамдарын, шығармашылыққа деген көз қарастарын ояту болды. Сотталғандардың өмір сүру ортасы қоғамнан алшақ болғанмен рухани үндестігі, мәдени байланысы ұлттық құндылықтардан ажырамайды, дейді ГМ-172/10 мекемесі қызметкері әділет аға лейтенант Сәкен Жарылкапбаев.