• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Ақпан, 2021

Қытайда ұшатын автокөліктер сынақтан өтеді

421 рет
көрсетілді

Еуропалық ірі Volkswagen автоөндірушісі Қытайда ұшатын автокөліктерді жасаудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Неміс компаниясының басшылығы «болашақ мобильдігі» стратегиясы аясында Қытайда ұшатын автокөліктерді шығару жұмысын талқылап жатыр.

«Біз бұл тәсілдің индустрияландыру мүмкіндігін анықтау үшін тұжырымдамалар мен серіктестерді техникалық-экономикалық негіздерге сәйкес зерттейміз», деп хабарлады компания өкілдері.

Volkswagen компаниясының бас директоры Герберт Дисс пен компанияның Қытай бөлімшесі басшысы Стефан Вулленштейннің Linkedin-ге берген сұхбатында Қытайда лицензия алуға болатын, ұшатын көлік жасағысы келетінін айтты.

Бас директордың айтуынша, бұл Volkswagen үшін болашақ нарықтан орын алуға үлкен мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Қытайдағы автокөлік нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан ең табысты сала. 2020 жылы елде 200 миллион көлік құралы тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда ұшатын көлік сынақтан сәтті өткен еді.