• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2021

Павлодарлық студенттер ІІМ қызметтік куәліктерін жасаумен айналысқан

353 рет
көрсетілді

Павлодарда жалған құжат дайындаумен айналысқан студенттер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

– 2021 жылғы 10 ақпанда Инстаграм әлеуметтік желіcіне мониторинг жүргізу барысында @hooligan.market паблигінде ҚР ІІМ қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін дайындау және сату туралы бейнежазба анықталды. Тексеру барысында Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Павлодар мемлекеттік университетінің екі студентін анықтап, ұстады, олар үйде отырып, қолдан жасалған белгілері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін заңсыз дайындаған, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Полиция қызметкерлері жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және сату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Аталған тұлғалардан куәліктердің қызыл түсті мұқабалары, процессор мен принтер тәркіленді. Сараптама тағайындалды.