• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2010

ҚАЗАҚСТАН ҮЛГІСІНІҢ БАЛАМАСЫ ЖОҚ

602 рет
көрсетілді

Басқа басылымдардан Елбасы Н.Назарбаевтың Ядролық қарусыздану жөніндегі жаһандық саммитте сөйлеген сөзін әлемдік қоғамдастық жоғары бағалауда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте сөйлеген сөзі әлемдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен пікір туғызды. Ықпалды “The Washіngton Tіmes” газетінің журналисі М.Сиф “Қазақстан – қысқа мерзімде пайда мен әскери шамшыл­дыққа байла­ныс­ты барлық алдамшы әсерлерге қарсы тұра білген тарихтағы тұңғыш мұ­сылман мемлекеті, яғни өзіне тие­сілі барлық әскери ядролық ар­сеналын өз еркімен жойған тарих­тағы тұңғыш мемлекет болды”, деп мәлімдеді. М.Сифтің пікірінше, Қазақ­станның мұнай-газ кен орындары мен өзге де ми­не­рал­дық ресурстарды игеруде, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда қол жет­кіз­ген ғаламат табыстары әлемдегі көп­теген дамушы елдерге жарқын мысал бола алады. Осы газетте журналист М.Коул­манның “Ядролық отын банкі жөніндегі бастама халықаралық қо­ғам­дастық тарапынан  қолдау тап­ты” деп аталатын мақаласы да жа­рия­­ланды. Онда соңғы 20 жыл бе­де­рінде Қазақстанның ядролық қа­русыздану бойынша өзінің әлемдегі орнын дәйектілікпен нығайта түскені атап көрсетіледі. Мақала авторының пікірінше, Қазақстан қауіпсіз атом энергия­сын өзі үшін және өзге де мүдделі мем­лекеттер үшін дамыту бағдар­ла­ма­сын кеңейту бағытында өзінің гео­саяси ықпалын қолдануға ұм­ты­лып отыр. “Haffіngton Post” (АҚШ) ин­тернет газетінде “The Hіll” газетінің редакторы А.Айзлидің “Неліктен Қазақстан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте де флагман болып табылады” деп ата­латын сараптамалық мақаласы жарық көрді. Онда автор Қазақ­стан­ның ядролық қарусыздану саласындағы тең­дессіз рөлі мен жасампаздық көшбасшылы­ғын жан-жақты деректермен дәйектейді. “Polіtіko” агенттігі (АҚШ) Қа­зақстан Республикасының Прези­денті Н.Назарбаев Семей полигонын жауып, Қазақстанды ядролық қарудан азат етіп, шын мәніндегі көшбасшылығын айғақтады, деп атап көрсетеді. Бүгін бұл полигон қарусыздану мен болашаққа деген үміттің символы болып табылады. Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ деп жариялау туралы келісімге дәл осы жерде қол қойыл­ған болатын. “Хабар” агенттігінде Смитсон инс­титуты Азия бөлімшесінің ди­ректоры (АҚШ) П.Тэйлор Қа­зақ­стан – 20 жыл ішінде әлемдегі ыр­ғақ­ты дамып келе жатқан елдер са­на­тына қосыла білген ғаламат мем­лекет, деп мәлімдеді. П.Тэйлордың есептеуінше, Қазақстан басшысы Н.Назарбаевтың Ядролық қауіп­сіз­дік жөніндегі жаһандық саммитте көпшіліктің назарында болғаны кездейсоқтық емес. Қазақстан Президентінің Ресей­дің “Известия” газетінде жария­лан­ған “Алып ауқымды әлем және ядро­лық қауіпсіздік” деп аталатын мақаласына үнқосулар да баршылық. “Caspіonet” телеарнасында Нидерландтың “ROІ Іnternatіonal” мемлекеттік басқару институты­ның директоры М.Мюйзенберг Қазақ­стан басшысының мақа­ласымен танысқаннан кейін Амстердам Қа­зақ­станның ядролық қаруды тарат­пау және атом энер­­гиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі бас­тамасын қолдайты­нын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Қазақ­стан жанжалдарға тартылған ел­дер­дің спецификасын жақсы білген­дік­тен, созылмалы жанжалдар деп аталатын кикілжіңдерді реттеуде үлкен рөл атқарады. “Клингендэйл” халықаралық қа­тынастар институтының (Нидер­ланд) қызметкері К.Темпел өз мақаласында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев МАГАТЭ-нің туы ас­тында халықаралық ядролық отын банкін құру туралы идеяларымен бө­ліседі, деп мәлімдеді. Оның пікірінше, Н.Назарбаевтың барлық бастамалары халықаралық қоғам­дас­тық тарапынан қолдау табатын болады. “Страна и Мир” газетінде Жа­понияның Азия Тынық мұхиты университетінің ғалымдары Қа­зақ­стан Президенті Н.Назарбаевтың бейбіт антиядролық бастамаларын то­лықтай қолдайтындарын мәлім­деді. Олар басқа мемлекеттердің азаматтарын ядролық қаруларды таратпауға, ядролық қаруды жал­пы­ға бірдей горизонтальді және вертикальді таратпау туралы жаңа әмбебап келісім түзуге өздерінің үндерін қосуға шақырды.