• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2021

Өскеменде Октябрь су өткізу арнасы жаңғыртылды

137 рет
көрсетілді

Өскемен қаласындағы Октябрь су өткізу арнасы қайта жаңғыртылды.

50 мыңнан астам адамды ауызсумен қамтамасыз ететін Октябрь су қоймасын реконструкциялау жобасы межелеген уақытта іске асырылды. Бұл туралы тұрғындар алдында есеп берген Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді. Жиынға аймақ басшысы Даниал Ахметов те қатысты.

«Өскемендіктерді биыл жағымды өзгерістер күтіп тұр. Мәселен, Красина кентіндегі, Меновное және Ахмер ауылдарындағы сумен жабдықтау желілері, Меновное ауылы мен Тракторная көшесіндегі кәріз желілері қайта жаңартылады. Сондай-ақ шаһар тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңа Өскемен су өткізу арнасының құрылысы жүргізілуде», деді Жақсылық Омар.