Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, 1993 жылы туған үй иесі және оның 1992 жылғы әйелі мен олардың 2017 жылы туған ұлдары және қонып жатқан бөгде әйел – төртеуі де от құшағында қалып, қаза тапты. Өрттің күшеюіне жарылған газ балоны қатты әсер еткен. Соның кесірінен үйдің төбесі де ұшып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Булаев селосындағы №112 өртсөндірушілер бөлімінің қызметкерлері уақытында жеткенімен адамдарды өрт құшағынан құтқаруға мүмкіндік болмады. Өрттің лаңынан тұрғын үй толықтай жарамсыз болып қалды. Қазір өрттің шығу себептері анықталып, келтірілген материалдық шығындар есептелуде. Сонымен бірге өлгендердің туыстарына психологиялық көмектер көрсетілуде.