Осы аптада Шымкент қаласында «Мемлекеттік қызметті реформалау: ішкі түйін және аймақтық БАҚ-тағы көрінісі» атты аймақтық семинар өтті. Бұл іс-шара Еуропа Одағының «Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» Жобасының қолдауымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Осы аптада Шымкент қаласында «Мемлекеттік қызметті реформалау: ішкі түйін және аймақтық БАҚ-тағы көрінісі» атты аймақтық семинар өтті. Бұл іс-шара Еуропа Одағының «Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» Жобасының қолдауымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге астыЖиынға қатысқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов бұл жиынның мақсаты мемлекеттік реформаны БАҚ өкілдері арқылы жұртшылыққа кеңінен түсіндіру қажеттігіне, мұндай өзгерістерді халықтың пікіріне құлақ салмай жүзеге асыру мүмкін емес екеніне тоқталды. Агенттік төрағасы кадрларды іріктеу және оларды қызмет бабымен өсірудің, мемлекеттік қызметтегі этикалық және жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейтудің жаңа тетіктері, «А» корпусын құру және оның қызметі бойынша аймақтық журналистер жиі қоятын сауалдар негізінде жаңа мемлекеттік қызмет моделінің негізгі қағидаларын түсіндірді.
«Реформа – жүйені заманауи талапқа бейімдеу. Мемлекет түгілі әр саналы жеке адам өзінің қарым-қабілетін, іскерлік қасиеттерін реформалау арқылы дамып, өсіп отырады. Сол үшін ізденеді, оқиды. Мәселен, осыдан ширек ғасыр бұрынғы жылдармен салыстырғанда еліміздің жастары көп өзгерді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде білім алып келген көптеген жастарымыз өз беттерімен ізденіп, шағын кәсіпорындар ашып, адамдарды жұмыспен қамтуда. Бұл қоғамның алға жылжығанын көрсетеді. Біздің елдің мемлекеттік қызмет ісіндегі реформаларға ресейлік саясаткерлер мен ғалымдар қызығушылық білдіріп жатыр. Біз іс жүзінде алға кеттік. Біздің қоғамда білімді, білікті мамандар жеткілікті. Соларды таба білу керек, көре білу керек», деді Әлихан Мұхамедияұлы.
Агенттік жетекшісі қоғам, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ-пен өзара үнқатысу ведомство қызметіндегі басым бағыт екенін атап өтті. Агенттіктің тұжырымдамалық және заңнамалық бастамаларын ашық талқылау үшін мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөнінде Сарапшылар кеңесі құрылған. Сонымен бірге, семинар барысында мемлекеттік қызмет сапасын жақсартудағы аймақтық БАҚ өкілдері мен жергілікті мемлекеттік органдардың өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.