• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Ақпан, 2021

Украинада қазақ диаспоралары бас қосты

291 рет
көрсетілді

Қазақстан Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның әр түрлі аймақтарындағы қазақ диаспорасының белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Әңгімелесу барысында отандық дипломат Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық туралы, сондай-ақ Елшілік жұмысының басым бағыттары туралы, оның ішінде шетелдегі қандастарды қолдау мәселелері бойынша ақпарат берді.

Осы тұрғыда Украинадағы қазақ диаспорасын бірлескен іс-шаралар арқылы одан әрі біріктіру мәселелері талқыланды. Жиналысқа қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі Украина қазақтарының Құрылтайы болады, оның барысында бірқатар маңызды шешімдер қабылдау жоспарлануда, соның ішінде Украинаның қазақтар қауымдастығын құру.

Кездесу соңында Д.Кәлетаев «ISKA Ukraine» кикбоксинг федерациясының президенті Николай Акижановты жоғары атағымен - Украинаның кикбоксингке еңбегі сіңген жаттықтырушысының берілуімен құттықтады.