• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2021

Қостанай қаласының әкімі халыққа есеп берді

318 рет
көрсетілді

Бүгін Қостанай әкімі Қайрат Ахметов қала тұрғындарына онлайн режімде есеп берді. Әкім облыс орталығының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, Қостанайда  биыл жүзеге асырылатын тың жобалар туралы баяндады.

Қостанайда былтыр өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 652,1 млрд теңгеге дейін ұлғайған.  Әсіресе, көлік құрастыру саласының табысы қомақты.   

– Жыл басынан бері Қазақстанда 75 мыңнан астам көлік құралы өндірілді. Олардың жартысынан көбі яғни, 53,2%-ы Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром»  зауытына тиесілі.  Кәсіпорын 2020 жылы 40 мың көлік шығарды, – деді Қайрат Ахметов.

Әкімнің айтуынша биыл «Индустрияландыру-кәсіпкерлікті қолдау картасы» аясында Қостанайда бірнеше ірі кәсіпорындардың құрылысы басталмақ.

- 2020-жылы индустриялық аймақта «Beefexport Group» ет өңдеу кешені мен шойын құю зауытының, сондай-ақ автокөлік бөлшектерін шығаратын кәсіпорынның құрылысы бойынша жұмыс жалғасады. «Агромашхолдинг KZ» АҚ аумағына бизнес-инкубатор орналастыру жоспарланып отыр. 2 жобаны биыл 1 тоқсанда пайдалануға беру жоспарлануда, - деді әкім.