Семей қаласының тұрғыны жалдамалы баспана аламын деп алаяққа 4 млн теңге берген, деп хабарлайды Egemen.kz
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар айының соңында «102» жедел арнасына 40 жастағы әйел хабарласып, бір жылдан астам уақыт бұрын тұрғын үй сатып алуға көмектесуге уәде берген 31 жастағы қала тұрғынына шара қолдануды сұраған.
«Тергеу барысында 2019 жылдың тамыз айының ортасында кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді ресімдеп беретінін айтып сендірген алаяқ жәбірленушінің 3 600 000 теңге ақшасын қалтаға басқаны анықталды. Қазір күдікті өз кінәсін мойындап отыр», деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Ер адам Семей қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.