• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Білім 14 Ақпан, 2021

Атыраулық оқушылар Telegram-да онлайн-кітапхана ашты

484 рет
көрсетілді

Жаңа жобаның авторлары – 9-сынып оқушылары Елнар Камел мен Сағиден Көшалиев. Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын олар онлайн-кітапхана форматындағы Теlеgram-bоt ойлап тауып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Идея авторларының айтуынша, «NisBooksBot» сервисіне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7–12 сыныптарына арналған математика, биология, физика, химия, информатика, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы оқулықтары, сондай-ақ халықаралық IELTS және SAT емтихандарының дайындық тестері жүктелген. Мұндағы кітаптар жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына да қолжетімді оқу құралы болмақ.

«Карантин кезінде қағаз түріндегі көптеген кітаптарды табу қиындық туғызды. Ұстаздарымыз кітаптардың электронды нұсқаларының сілтемесін жібереді. Алайда, кейде  жүйенің жиі істен шығуына байланысты кітаптарды жүктеу ұзақ уақыт алады. Осындай себептен ұстаздар мен оқушылардың сабаққа дайындалуын жеңілдету үшін барлық оқулықты бір сервиске жинадық. Арнайы сілтемені достарымызға мессенджерлер арқылы таратамыз. «NisBooksBot» сервисінде кітапты оңай жүктеуге, телефонда да, компьютерде де сақтауға болады. Алдағы уақытта кітаптарды оқу тоқсандарына бөліп жүктеуді ойластырудамыз. Сонда оны телефонға жүктеп алу жеңілдейді», дейді Елнар мен Сағиден.

Енді олар сервистің мүмкіндігін кеңейтуді көздеп отыр. Болашақта сабақ кестесін, көркем әдебиет кітаптары мен Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсуге арналған дайындық тестерін жүктемек.