• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Ақпан, 2021

Қазақстандықтар қаңтар айында қанша көлік сатып алды?

408 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар 2021 жылдың қаңтар айында 8333 жаңа автокөлік сатып алған. Соның ішінде жеңіл көлік, жүк көлігі және автобустар бар. Бұл 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 54 пайызға артық көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан АвтоБизнес қауымдастығының дерегінше, жылдың алғашқы айында ресми дилерлер 7771 жеңіл көлік пен жеңіл коммерциялық техника, сондай-ақ 562 жүк көлігі, арнайы техника және автобус сатқан. Былтыр дәл осы уақытта 5396 көлік саудаланыпты. 

– Әдетте жыл басында сауда көлемі төмен болады және өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда цифр әлдеқайда кемшін түседі. Алайда 2021 жылдың қаңтарындағы нәтиже былтырғы қаңтардағы нәтижеден әлдеқайда асып түсті. Биыл өндірушілер көптеген жаңа транспортты нарыққа шығармақ. Тұтынушылардың көңілінен шығу үшін дилерлер де көлік сатылымы кезінде ұсынылатын қосымша өнімдер де дайындап отыр, – дейді қауымдастық вице-президенті Анар Мақашева.

Брендтер ондығын Hyundai (2392) бастап тұр. Chevrolet  дилерлері 2233 автокөлік сатса, Toyota  1046 сатылыммен үшінші орында. Одан кейінгі орындарда Lada  (575), Kia (332), Nissan (249), Renault (200), Volkswagen (148), JAC (113) және Lexus (99) автокөліктері орналасқан.

Моделдер бойынша көпшілік негізінен Chevrolet Cobalt, Chevrolet Nexia, Hyundai Accent, Hyundai Tucson, Hyundai Creta, Toyota Camry, KiaRio, Toyota Rav4, Lada Vesta, Toyota LC Prado көліктеріне ерекше қызығушылық танытқан.