• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Ақпан, 2021

АҚШ-та вакцина салдырған 4 адамнан коронавирус табылды

638 рет
көрсетілді

Американың NBC медиа-компанияcы Орегон штатында екі доза вакцина алған төрт адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚР Үкімет жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, адамдарда SARS-CoV-2-ге оң тест вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 14 күннен кейін анықталған. Вирус жұқтырған төртеудің ауруы симптомсыз өткен.

Ал Францияның «Sanofi» фармацевтикалық концернінің жетекшісі американдық Translate Bio компаниясымен бірлесіп жасап жатқан COVID-19 қарсы вакцина биыл нарыққа шығарылмайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін «Sanofi» вакцина 2021 жылдың екінші жартысында қолдануға рұқсат алады деп жоспарланған. Оксфорд университеті 6 мен 17 жас аралығындағы балаларға «AstraZeneca» вакцинасын сынақтан өткізетінін хабарлады.

Алдыңғы сынақтар оның ересектерге қауіпсіз екендігін көрсетті.

Зерттеуге 300 астам ерікті қатысады, олардың 240-ы вакцина алады. Алғашқы екпелер ақпан айында жасалады деп жоспарлануда.