• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Ақпан, 2021

Отандасымыз фристайл-акробатикадан халықаралық турнирде топ жарды

125 рет
көрсетілді

Отандасымыз Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан халықаралық турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Бұл күндері АҚШ-тың Юта парк аймағында фристайл-акробатикадан North American Cup халықаралық додасы өтіп жатыр. Жанбота Алдабергенова 85.68 нәтижесімен топ жарды.

76.56 көрсеткішімен АҚШ өкілі Тасиа Таннер күміске ие болса, канадалық Юстин Элли қола жүлдені иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары Ақмарал Қалмұрзаева 6-шы орыннан көрінсе, Аяна Жолдас 7-ші болды.