• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Ақпан, 2021

Қостанайда 50 көп балалы отбасыға пәтер беріледі

191 рет
көрсетілді

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтың айтуынша, бүгінде облыс орталығында тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі бірінші кезекте тұр.  Қазір Қостанайдағы тұрғын үйдің орташа бағасы – 11,3 млн теңге, деп хабарлайды Egemen.kz

– Жоғарыда аталған әлеуметтік топтағы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында мемлекет қыруар шаруа тындырды. Нәтижесінде, баспана кезегіне тұрушылар саны да едәуір азайды. Мәселен, былтыр республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген  1 млрд 135 млн теңгеге 100 көп балалы отбасыға пәтер сатып алынды, – деді Қайрат Ахметов.

Биыл Қостанайда көп балалы аналарды баспанамен қамту үшін 575 млн теңге қарастырылып отыр. Оған 50 пәтер сатып алынбақ. Мұның сыртында, қала әкімдігі тұрмысы төмен отбасыларды жалдамалы пәтерлермен қамту жұмысын жалғастырамыз деді. Бүгінге дейін мұндай пәтерлерге 231 отбасы қоныстанған. Жалдамалы пәтер әкімдіктің меншігінде тұра береді.  Сондықтан, оған қоныстанған адам пәтерді сатып алып, өзіне ресімдеп алуға құқығы жоқ.   

Бүгінде Қостанай қаласында 11,2 мың адам баспана кезігінде тұр, оның 170-і көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар.

Соңғы жаңалықтар