• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2013

Солтүстік Қазақстанда қаржы полициясы басшысы бірінші орынбасарын атып кетті

240 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарыс күрес департаменті басшысы бірінші орынбасары қызметін атқарған Жандос Ахметовті белгісіз біреу атып кетті. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Оқиға кеше кешкі 7-лер шамасында болған. Жұмыстан үйіне бара жатқан Ж. Ахметовке белгісіз біреу «Макаров» тапаншасынан оқ атқан. Марқұмның қасында болған 12 жасар баласы аман қалыпты. Қазір оқиға болған орын қоршауға алынып, сараптама жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қаладағы барлық көліктерді тексеру үстінде. Әзірге күдікті қолға түскен жоқ.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы

Фото: РИА Новости

Соңғы жаңалықтар