• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2013

Маңғыстаудағы акционерлік қоғам 200 млн.теңге айыппұл төледі

364 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық көлік прокуратурасы заңсыздыққа жол берген «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына айыппұл салды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Аталған акционерлік қоғам осыдан екі жыл бұрын жаңадан құрылатын өңірлік әуе компаниясына АҚШ-тан 2 жолаушылар ұшағын әкелген. Бұл әуе көліктері инвестициялық жоба шеңберінде алынғандықтан, оны жеткізуші мекеме 200 млн. теңге кедендік баж салығын төлеуден босатылған. Осы аралықта әуе компаниясын құру мәселесі іске аспауы себепті келеңсіздіктің орын алуына жол берілді. Акционерлік қоғам өкілдері 1 жылдан кейін әлгі ұшақтарды 1 млрд. теңгеге өзгеге сатып жіберген. «Кедендік бақылау департаментінің акционерлік қоғамға қатысты талап арызы қанағаттандырылып, «Каспий әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы АҚ бюджетке 200 млн.теңге айыппұл төледі. Енді осы мекемеден сот процесі кезінде дәлел келтірілген 14 млн. теңгеге жуық өсімақыны өндіру мәселесі қарастырылуда»,-дейді Маңғыстау облысының көлік прокуроры Ғалым Байқонысов.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы

Фото: «Хабар» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар