• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Ақпан, 2021

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

520 рет
көрсетілді

2021 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен 32,1 млрд теңге, оның ішінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге – 25,4 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына – 6,7 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 521,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 165,9 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 48 693 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 180 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар