• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2021

ШҚО тұрғыны 13 атыраулықтың ақшасын алдап алып, сан соқтырған

345 рет
көрсетілді

Қазір интернет-алаяқтық көбейіп тұр. Өскемен қаласының тұрғыны 13 атыраулықтың ақшасын алдап алып, сан соқтырғаны анықталып отыр.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Anti-fraud»  жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Шығыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталған.

«Ол Атырау қаласының тұрғындарын азық-түлік жеткіземін деген сылтауымен «Яндекс такси» қосымшасы арқылы алдап, алаяқтық жолымен ақшасын иемденген. Қазір  күдіктінің интернет-алаяқтықтың 13 эпизодына қатысы бар екені дәлелденді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу  жүріп жатыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.