• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 15 Ақпан, 2021

«Angelcher» тігін компаниясы ерлер мен балалар киімдерін көбірек тігуді жоспарлап отыр

554 рет
көрсетілді

"Angelcher" тігін компаниясы 20 жылға жақын уақыт мектеп формасы мен ерлер костюмдерін тігуге маманданған. Осы жылдар ішінде компания кішігірім ательеден жеке киім тігу цехына айналып,  бірнеше фирмалық дүкендерін ашты. Өнімнің сапасы технологиялық стандарттарға сәйкес келеді және сертификаттармен расталады. Шығарылатын өнімнің басты артықшылығы - қолжетімді баға, ерекше дизайн және таза шикізаттың қолданылуы.

Кәсіпорын мамандары Алматы қаласының сауда желісінде ерлер костюмдері мен мектеп формасын шығаратын басқа өндірушілердің ұқсас өнімдерін талдау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Өз өнімдерін сатудың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы шикізат қолданылады, балалар мен ерлердің антропометриялық мәліметтеріндегі өзгерістерді ескере отырып, балалар мен ерлер киімдерінің ыңғайлы дизайны жасалады. Технологиялық түйіндердің және киім тігудің жаңа түрлері әзірленеді.

Жаңа технологияларды игерудің және тұтынушылардың қажеттіліктеріне назар аударудың арқасында компания ішкі нарықта лайықты орын алды. Қыздар мен ұлдарға арналған мектеп формасының қатары жартылай жүн матадан (45% жүн + 40% полиэстер + 15% полиамид) жасалған. Мата өнімнің қауіпсіздігі бойынша санитарлық – эпидемиологиялық сараптамадан өтті, гигиеналық талаптарға сәйкестік сертификаты бар. Мектеп формасы топтамасының түстері-қара көк және сұр-көк түсті.

"Angelcher" ЖШС дизайннан дайын өнімге дейін мектеп формасын өндірудің толық циклін қамтамасыз етеді. Тігу бойынша жеке және ұжымдық өтінімдерді орындайды. Сонымен қатар, компания костюмдерге оқу орнының символикасын тігуді де жүзеге асырады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тігін компаниясы ұлдарға арналған 17 мыңға жуық жиынтықты (пиджак, жилет, шалбар) және қыздарға арналған 26 мыңнан астам жиынтықты (жакет, жилет, шалбар, белдемше, сарафан) тігіп берді.

Айта кету керек, кәсіпорын қала әкімдігі ұйымдастырған жәрмеңкелер мен көрмелерге белсенді қатысады. "Angelcher" тігін компаниясының өнімі 2012 және 2017 жылдары "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауында 1 орын,а ие болды. 2016 жылы компания Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мектеп формасының форум-көрмесіне қатысып, көпшіліктің жылы лебіздеріне ие болды.

"Angelcher" ЖШС Қазақстан Республикасының отандық өндірушілер тізіліміне кіреді, СТ-KZ сертификаты және индустриялық сертификаты, қазақстандық өндірушілердің "Қазақстанда жасалған" тауарлар көрмесіне қатысқаны үшін дипломы бар.