• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 15 Ақпан, 2021

Президент Шөмішбай Сариевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

756 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шөмішбай Нағашыбайұлы қазақ поэзиясының көшін алға бастаған қаламгердің бірі болды. Өрелі өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің біртуар ақыны, қоғам қайраткері Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында қайтыс болғанын хабарлаған едік.