Қазақ ғалымдарының жетістіктерін өзге мемлекеттердің оқымыстылары бағалап қана қоймай, мәртебелі сыйлықтарын беріп жатады. Соның бірі – дүние жүзіндегі 50-ден астам мемлекеттің өкілі қатысып шешетін “Кәсібім – өмірім” атты сыйлық Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің зоология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Нұркен Мырзахметұлына берілді.
Оныншы мәрте атанып отырған сыйлыққа биыл әлемнің 374 оқымыстысы ұсынылыпты. Солардың ішінен санаулысы ғана мәре сызығынан көрініпті. Қазақ ғалымы медицина және биология салалары бойынша ұзақ жылдан бері зерттеген еңбектерінің нәтижесі бойынша қол жеткізіпті. Сыйлықты тапсыру рәсімі таяуда Мәскеу қаласында өтті. Халықаралық сыйлықты еншілеген профессор бұл маған ғана көрсетілген құрмет емес, қазақ ғылымының жетістігі деп білемін, дейді.
Сүлеймен МӘМЕТ.