• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2013

Қандықол қарақшылар қаржы полициясы майорын атып өлтірді

307 рет
көрсетілді

24 желтоқсанның іңір қараң­ғы­сында Сол­түс­тік Қазақстан об­лыс­тық сыбайлас және эконо­микалық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департамент /қаржы полициясы/ басшысының бірінші орынбасары Жандос Ахметов кісі қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға облыс орталығындағы Юбилейный ықшам ауданында орын алды.

Бес уақыт намазын қаза етпейтін мар­құм 12 жа­сар ұлымен дәлізге кіре бер­генде белгісіз бі­реудің шабуылына тап болған. Суық қарудан бір­неше рет оқ атылып, Жандос Ахметов бір­ден жан тапсырған.

41 жастағы азаматтың бұл қыз­метке тағай­ын­далғанына 10 ай ғана өткен. Тергеу жүргізу, полицейлерді тергеп-тексеру, жедел топ жұмыс­тарын қадағалаған қандықол қа­рақ­шының оқиға болған жерде еш­қан­дай айғақ қалдырмағанына қара­ғанда, қаржы полициясы майорын өлтіру мұқият ойластырылған тә­різді. Осыған байланысты арнайы топ құрылып, олар тергеу жұмыс­тарымен айналысуда.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

ПЕТРОПАВЛ.

Соңғы жаңалықтар