• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Ақпан, 2021

Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді

389 рет
көрсетілді

18 ақпан 15:00-де Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің онлайн форматта кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді. Министрліктің өткен жылғы жұмысын қорытындылап, осы жылға арналған жоспары жайлы айтылатын жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысады.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, вице-министр Нұрғиса Дәуешов, Сәкен Мұсайбеков, Ғабидолла Әбдірахымов баяндама жасайды.

Алқалы жиынға Министрлікке бағынысты мекемелер  мен   жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысады. Кеңейтілген алқа мәжілісін мына сілтемеге кіріп тамашалай аласыз: https://goo.su/4B46

Іс-шара онлайн форматта өтетін болғандықтан сұрақтарыңызды мына электронды адреске жолдай аласыздар: mcsgovrk@gmail.com

Сұрақтар 16 ақпан күні, сағат 18:00 ге дейін қабылданады.