• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Ақпан, 2021

Мемлекеттік бюджетке 526 млрд теңге кіріс түскен

382 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биылғы қаңтардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері мен қаржылық жағдайды баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Мемлекеттік бюджетке 526 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 116,1 пайызға атқарылды. Республикалық бюджетке 288 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 90 пайызға атқарылды. Кірістер бойынша жоспар 32 млрд теңгеге орындалмады», деді министр.

Оның айтуынша, салықтар бойынша орындалмаудың негізгі сомасы қосылған құн салығына және корпоративтік табыс салығына тиесілі.

Қосылған құн салығы бойынша жоспарды орындалмау себептері:

- 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда қосылған құн салығы қайтарылуының 2,3 есеге өсуі;

- «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес, сату бойынша айналымдардың 14 пайызға азаюы. Негізгі төмендеу тау-кен өндіру өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 29 пайызға немесе 373 млрд теңгеге азайған;

- 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымы 22 пайызға төмендеуі.

«Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 2021 жылғы қаңтарда 743 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,1 пайызға азаюына байланысты», деді Е. Жамаубаев.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті бюджеттердің кірістері 178,6 пайызға атқарылды және 239 млрд теңгені құрады. Жалпы жоспар 105 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 90 млрд теңгеге асыра орындалды.

Барлық өңірлерде кірістер бойынша жоспарлар асыра орындалды.