Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы түсіндіргендей, қазіргі уақытта нан шығаратын зауыт дүкендерінде нан сатуға шектеу қойылды.
Бір адамға бес бөлкеден артық сатылмайды.
«Кейбір алыпсатарлар таңертеңгі уақытта барлық нан өнімдерін сатып алған. Ары қарай үстіне ақша қосып сату үшін осылай істейді. Десек те, «Ақсай» нан зауыты» ЖШС әлеуметтік бөлкенің санын азайтқан жоқ. Зауыт қала дүкендерін нанмен толық қамтамасыз етіп отыр»‚ деп хабарлады басқармадан.
Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы атап өткендей, әкімдік пен «Ақсай» нан зауыты» ЖШС арасында бұрын жасалған келісімшарт бар.
Онда бір бөлкенің бағасы 75 теңге деп бекітілген.