Мұны білім ордасындағы үшінші музей десе болады. Осыған дейін университетте Ахмет Байтұрсыновқа арналған музей болатын. Іргелі оқу орнындағы археологиялық экспедиция мен ғылыми лаборатория үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Олардың жыл сайын тапқан олжалары да лабораториядан үлкейіп, музейге айналды.Университеттің 70 жылдығына жаңа музей студенттер мен қонақтарға есігін айқара ашты. Музей материалдары білім ордасының бүкіл тарихын қамтиды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА.
ҚОСТАНАЙ.