Ақтау қаласының ГМ-172/10 мекемесі (тергеу изоляторы) қызметкері, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобымен бірлесіп, есірткі жеткізуге әрекет жасаған азаматтың жолын кесті.
Келуші берген тамақ өнімдерін тексеру кезінде ГМ-172/10 мекемесінің қызметкерлері вафлиде ақ түсті 34 таблетканы, сонлай-ақ өзіндік тектес затты тапты.
«Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттардың салмағы 9.074 грамм трамадол препараты және марихуана екенін көрсетті», деп түсіндірді департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сәлемдемені берген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Маңғыстау облысы