Испания астанасында «Қазақстан экономикасының негізгі салаларына бизнес пен инвестиция мүмкіндіктері. Көпжақты қолдау көрсетілетін жобалар» атты онлайн конференция өтті.
Мадридтің Сауда-өнеркәсіп палатасы және Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған вебинарға «Kazakh Invest» АҚ, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Азия даму банкі (АДБ), Испанияның Индустрия, сауда және туризм министрлігінің Қазақстандағы Сауда миссиясының өкілдері және тағы басқалар қатысты. Олардың арасында көлік инфрақұрылымы, жаңартылатын қуат көздері, құрылыс, машина жасау, ауылшаруашылық индустриясы және т.б. салаларды қызмет ететін 20 испандық компанияларыэ болды.
Іс-шараны аша отырып, Сауда палатасының президенті Анхель Асенсио Испанияның стратегиялық серіктесі - Қазақстан Орталық Азиядағы сөзсіз көшбасшы екенін, 2021 жылы 3%-ке, 2022 жылы 4,3%-ке көлемдегі өсімге қол жеткізуі мүмкін мемлекет екенін айтты. Қазақстан алдына ауқымды мақсаттар тұр. Әлем банкінің «Doing Business - 2020» беделді рейтингінде еліміз жоғары 25-орынға ие болды, осының өзі оны шетелдік инвестициялар үшін тартымды бағытқа айналдырады.
Қазақстан Елшісі Константин Жигалов өз сөзінде Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық байланыстарды нығайтудың негізі 2009 жылы жасалған Стратегиялық серіктестік туралы келісімді қамтитын заңнамалық базаның қарқынды дамуы болды деп баса айтты.
Пандемияға қарамастан, іскерлік ынтымақтастық жалғасуда. Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтановтың Мадридке сапары нәтижесінде Қазақстан көтерме сату нарықтарының желісін дамытуда испан тәжірибесін сәтті қолдануда. Қазақстан елордасы мен Фира-Барселона әкімдігі биыл Азия елдері үшін Нұр-Сұлтанда «Ақылды қала конгресін» өткізуге дайындық үстінде.
Конференцияда «Kazakh Invest» АҚ, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкінің өкілдері, сондай-ақ Испанияның Қазақстан Республикасындағы сауда өкілі Мануэль Санчес сөз сөйледі. Іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның тартымды инвестициялық мүмкіндіктері, басым секторлар мен нақты жобалар ұсынылды; арнайы экономикалық аймақтардың артықшылықтары, салықтық жеңілдіктер мен преференциялар туралы айтты; ЕҚДБ мен АДБ Қазақстанда жүзеге асыратын жобаларды қаржылық қолдау құралдары туралы толық ақпарат берілді.