• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2021

25 жастағы жүргізуші КамАЗ-ға соғылды

401 рет
көрсетілді

Халықаралық Самара-Шымкент автожолының 306 шақырымында жеңіл автокөлік жүк көлігіне соғылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 16 ақпан күні 18 сағат 30 минут шамасында болған. Самара-Шымкент тас жолының 306 шақырымында ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі 1996 жылы туған Д. есімді азамат қарсы жолға шығып кетіп, КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Ол көлікте жалғыз болған. ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Марқұмның денесін көліктен Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен алып шықты.